Пятница, 26 декабря, 2025
НовостиБиблиотека

План работы библиотеки

«Қостанай ауданы білім бөлімінің Айсары жалпы білім беретін мектебі » КММ. » Балалар кітапханасы жобасы» аясында «Ұлттық құндылықтар » тақырыбына » Демалыста кітап оқимыз» айдарына сәйкес » Үйде кітап оқимыз», » Ата- анамен бірге оқимыз» атты тақырыптарға сәйкес демалыс күндері оқушылар үйде де кітап оқып демалыста білімдерін шыңдады

«Қостанай ауданы білім бөлімінің Айсары жалпы білім беретін мектебі » КММ. » Балалар кітапханасы жобасы аясында ,, Менің сүйікті ақыным» тақырыбына 4 сынып оқушысы Киікбай Арузат Ы Алтынсарин өлеңдерін жаттап сыныптастарына үлгі болды.

«Қостанай ауданы білім бөлімінің Айсары жалпы білім беретін мектебі » КММ. » Балалар кітапханасы жобасы аясында ,, Менің сүйікті ақыным» тақырыбына 3 сынып оқушысы Арыстанбек Айым Абай өлеңдерін сүйіп оқып, жаттап жүреді .

https://www.instagram.com/p/DQ_PLZsCDp4/?igsh=MTMzZ2lxMzFoZnB4YQ==

Қостанай ауданы білім бөлімінің » Айсары жалпыбілімберетін мектебі» КММ.
» Адал азамат» рубрикасы , » Балалар кітапханасы жобасы аясында ақын, жазушы, қоғам қайраткері, жерлесіміз Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына орай, мектеп кітапханасында тұрақты » Оян, қазақ» атты кітап сөресі жасалған.
Ол жерде оқушыларға, ұстаздарға арналған көптеген деректер жинақталды.
Ауылдық кітапханамен, тіл мамандарымен бірлесіп қазақ, орыс сынытарында іс, шаралар өткізілді.
М Дулатұлының өмірбаянынан бастап жүріп өткен жолдындағы көрген қиыншылықтары, отбасы, қызы Гүлнардың естеліктері , шығармалары таныстырылып, туған өлкесінде биылғы жылы Республика көлемінде аталып өткен мерейтойы жайлы бейне фильмдер көрсетілді.
6- 9 сынып арасында өткен іс — шарада оқушылар ақын шығармаларын екі тілде жатқа оқыды, үлкен әсер алды.

Қостанай ауданы білім бөлімінің «Айсары жалпы білім беретін мектебі » КММ. «Адал азамат»рубрикасы, » Балалар кітапханасы» жобасы аясында ғалым , тарихшы, географ, суретші, этнограф, жерлесіміз Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай кітап көрмесі жасалып 8 сынып оқушыларымен танымдық іс’ шара өтті.
Оқушыларға ғалымңың өмірі, қысқа өмірінде жазып артында қалған мол мұрасы кеңінен таныстырылды.
Тағлымы зор іс шара болды.

Қостанай ауданы білім бөлімінің «Айсары жалпы білім беретін мектебі » КММ. «Адал азамат»рубрикасы, » Балалар кітапханасы» жобасы аясында қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сапарғали Бегалиннің туғанына 190 жыл толуына орай жазушы шығармаларынан кітап сөресі жасалып, оқырмандарға өмірі мен шығармашылығы таныстырылды.

«Қостанай ауданы білім бөлімінің Айсары жалпы білім беретін мектебі » КММ. » Балалар кітапханасы жобасы» аясында «Ұлттық құндылықтар » тақырыбына » Демалыста кітап оқимыз» айдарына сәйкес 3 сынып оқушылары арасында кітапханада мозайка құрастырудан сайыс өтті.
Бұл жерде балалар, ойлау қабілеті, жылдамдығы, тапқырлығымен көзге түсті. Нәтижесінде оқушыларға сый- сияпат берілді.

«Қостанай ауданы білім бөлімінің Айсары жалпы білім беретін мектебі » КММ. » Балалар кітапханасы жобасы» аясында «Ұлттық құндылықтар » тақырыбына » Демалыста кітап оқимыз» айдарымен 6 сынып оқушыларымен » шешендік сөз өнері» атты тақырыппен сайыс өтті.
Оқушыларға шешендік сөздің мағнасы, құндылығы жайлы түсініа берілді.

» Қостанай ауданы білім бөлімінің Айсары жалпы білім беретін мектебі» КММ. » Адал азамат»рубрикасы, » Балаларкітапханасы» жобасы.
» Кітап оқитын ұлт» пилоттық жобасын іске асыру мақсатында мектеп кітапханасында ақпараттық стенд жабдықталды. Жобадағы талаптарға сай әр сыныпқа, ұстаздарға, ата- аналарға арналған шығармалар тізімі жасалып, кітапханада бар шығармалардан кітап сөресі жасақталып, жоқ шығармалардың электрондық нұсқасы дайындалды. Үзіліс уақытында балаларға таныстырылуда.
Мақсат кітап оқу арқылы өй- өрісін кеңейтіп, көркем шығармаларды насихаттау.